13.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Мират Жекеев пен Алтынай Жұмагелдиева дойбыдан әлем чемпионатына қатысып жатыр
Грузияның Кобулети қаласында дойбыдан әлем чемпионаты басталды. Мұнда спортшылар классика, рапид (Бразилия нұсқасы) пен блицтен (орыс нұсқасы) сынға түсіп жатыр.
Қазақстан намысын халықаралық гроссмейстер, жастар арасында әлемнің бірнеше дүркін чемпионы – Мират Жекеев пен Алтынай Жұмагелдиева қорғайды. Кеше жылдам дойбыдан Алтынай ширек финалда чемпион атанған Виктория Николаеваға есе жіберді.
Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 30 мың АҚШ доллары. Биылғы ақыл-ой аламанына 17 елдің спортшысы келді. Олардың арасында 20 гроссмейстер бар. Ойындарды төмендегі You Tube арнадан тікелей эфирде көре аласыздар.
Суретте Мират Жекеев.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТоғызқұмалақ пен дойбыдан республикалық фестивальдің үздіктері анықталды
Дойбының блиц түрінен жеңімпаздар белгілі болды
Дойбыдан ел чемпиондары анықталды