03.05.2024 | 14:55

Елжана Таниева Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді

Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Елжана Таниева алтыннан алқа тағып, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама көшбасшысы көпсайыста дес бермей, топ жарды. Ол ұршықпен өнер көрсетуде 34.0 балл, лентамен жаттығуда 31.25 ұпай, шығыршықта 34.30, доппен 33.85 балл алды. Барлығы 133.40 ұпай. Күміс медаль Тахмина Икромованың (Өзбекстан), қола Рейна Матсусаканың (Жапония) еншісінде.

Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасында ел намысын Алина Әділханова, оған дейін Рио-де-Жанейрода Сабина Әшірбаева, Лондонда Анна Алябьева, Бейжің мен Афиныда Әлия Юсупова қорғаған.

Ең жоғары нәтиже Әлия Юсуповаға тиесілі (2004 жыл, көпсайыста 4-орын және 2008 жыл, ұршық жаттығуында 4-орын).

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес