03.05.2024 | 10:51

Біздің дзюдошылардың алғашқы қарсыласы кім?

Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан Үлкен дулыға (Grand Slam) санатындағы турнир басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапында Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин, Алмас Ғалымов, Еламан Сұлтанбай, Дархан Қойбағар, Дастан Шаяхметов, Абылайхан Жұбаназар, Аян Байғазы, Дидар Хамза, Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Ерасыл Қажыбаев және Еламан Ерғалиев жүлдеге таласады. Назарыңызға қазақстандық татами шеберлерінің алғашқы қарсыласын ұсынамыз.

60 кг:

Нұрқанат Серікбаев – Жапония/Кирибати балуандарының жеңімпазы

Мағжан Шамшадин – Вьетнам/Тәжікстан балуандарының жеңімпазы

66 кг:

Алмас Ғалымов – Шуген Накано (Филиппин)

Еламан Сұлтанбай – Бабур Ваджиев (Өзбекстан)

73 кг:

Дархан Қойбағар – Қожаақпар Тошев (Өзбекстан)

Дастан Шаяхметов – Білал Чилоглу (Түркия)

81 кг:

Абылайхан Жұбаназар – Санатолло Мұсаев (Тәжікстан)

90 кг:

Аян Байғазы – Давид Кламмерт (Чехия)

Дидар Хамза – Лукас Хуллиет (Франция)

100 кг:

Нұрлыхан Шархан – С.Ким (Оңтүстік Корея)

Ислам Бозбаев – Петр Кучера (Польша)

+100 кг:

Ерасыл Қажыбаев – Ибрахим Татароглу (Түркия)

Еламан Ерғалиев – Денис Батчаев (Ресей).

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес