05.09.2023 | 15:13
Бөлісу:
Биатлоннан жазғы Азия чемпионатында Қазақстан 17 алтын медаль жеңіп алды
Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығында алғаш рет биатлоннан жазғы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Құрлық додасына Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Моңғолия мен Оңтүстік Корея сынды бес мемлекеттің спортшылары қатысты. Үш жас санатында 130-ға жуық спортшы (ересектер, жасөспірімдер мен жастар) жарыстың үш түрінде 18 медаль жинағын сарапқа салды. Олар: жеке жарыс, супер-спринт және спринт.
Қазақстандық спортшылар бұл жарыста сенімді түрде көш бастады. Біздің биатлоншылардың қоржынында 51 медаль бар. Оның ішінде 17 алтын, 18 күміс және 16 қола. Өзге мемлекеттің спортшыларынан моңғолиялық Энхбат Энхсайхан жасөспірімдер арасындағы жарыста алтын және қола медаль жеңіп алса, Оңтүстік Корея өкілі Йонгто Ким жасөспірімдер арасындағы жарыста үздік үштікті түйіндеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБиатлоннан Қазақстан Кубогының 2-кезеңі аяқталды
Ақмолалық биатлоншылар ҚР Кубогының 2-кезеңін табысты бастады
Биатлоннан Қазақстан Кубогының алғашқы кезеңі аяқталды