10.05.2022 | invalid

Садақ атудан Азия Кубогінің 2-кезеңі аяқталды

6-11 мамыр аралығында Ирактың Сулеймания қаласында садақ атудан Азия Кубогының 2-кезеңі өтті.

Қазақстан ерлер құрамасы командалық сында үздік үштікті түйіндеді. Үндістан мергендері топ жарса, күмісті Бангладеш жеңіп алды. Біздің құрама сапында Бунед Мирзаметов, Шәміл Сағутдинов, Сергей Христич шеберлік байқасты.

Ал әйелдер арасында Қазақстан күміс медаль жеңіп алды. Эльмира Раисова, Адель Жексенбинова, Виктория Лян үштігі тек Үндістан қыздарына есе жіберді.

Сондай-ақ аралас (микс) құрамдағы бәсекеде Адель Жексенбинова мен Сергей Христич жұбы 2-орын алды. Бұл жолы да Үндістан өкілдері ешкімге дес берген жоқ.

Еске сала кетейік, сары құрлық Кубогінің алғашқы кезеңі Пхукет (Таиланд) қаласында өткен. Онда Қазақстан құрамасы бір күміс пен бір қола жүлдеге ие болды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес