26.04.2024 | 07:19

Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

Осы күндері Ташкентте конкурдан Әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін командалық маршрут саналатын Ұлттар Кубогында сапында Ксения Баталова, Ержан Мағжаев, Ясмин Ибрагимова және Шыңғыс Маликаждар сынды спортшылар бар Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болды.

Өзбекстан командасы жеңімпаз атанды, Қырғызстаннан келген шабандоздар үштікті түйіндеді. Сондай-ақ, турнирде жеке жарыстар ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Әлем Кубогы кезеңінде барлығы 50 спортшы қатысып жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес