01.05.2024 | 14:22

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бақ сынайды

2-4 мамыр күндері Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді. Сары құрлық бәсекесінде ел намысын 8 спортшы қорғайды.

Жекелей сын: Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы

Топтық жаттығу: Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко, София Ан

Ұлттық құраманың бас бапкері Әлия Юсупова команданың жарысқа дайындығы жайлы айтып берді.

«Бұл Азия чемпионатындағы біздің ең негізгі мақсатымыз – 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алу. Команданың дайындығы жақсы. Әрдайым қарқынды түрде жаттығу жүргізді. Федерация өз кезегінде қажет жағдайдың бәрін жасады. Ендігі кезекте біз жүлде алу үшін барымызды саламыз»,- деді бас бапкер Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес