12.05.2022 | invalid

Назым Қызайбай Рио Олимпиадасының қола жүлдегерінен ұтылып қалды

Бүгін әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегіне шыққан Назым Қызайбай (50 кг дейін) колумбиялық Ингрит Лорена Валенсия Викториядан ұтылып қалды. Төрешілер 2:3 есебімен басымдықты Панамерика ойындарының чемпионына берді.

Назым Қызайбай - қазақ боксы тарихындағы ең жүлделі былғары қолғап шеберінің бірі. Ол 2014 және 2016 жылғы Әлем чемпионатының жеңімпазы. Сонымен қатар 2012 жылғы жаһандық додада қола медаль жеңіп алған.

Ыстанбұлда осыған дейін рингке шыққан Алуа Балқыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (52 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) мен Валентина Хальзова (70) жеңіске жеткен. Өкінішке қарай, Аида Әбікеева (63 кг), Надежда Рябец (75 кг) қарсыласқа жол берді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес