17.07.2023 | 12:26

Бәрекелді! Эдуард Ким Қазақстанға әлем чемпионатында тарихи жүлде сыйлады

Бүгін Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен ХХ әлем чемпионаты Ұлттық құрама үшін сәтті болды.

Көркем жүзуден жекелей сында өнер көрсеткен отандасымыз Эдуард Ким техникалық бағдарламада қола жүлдегер атанды. Эдуард осы сында 216.0000 ұпай жинап, топ жарған испаниялық Диас дель Рио Сол Фернандо (224.5550) мен күміс жүлдегер америкалық Годе Кеннетке есе жіберді.

 

Ерлер арасындағы артистік жүзу биыл алғаш рет əлем чемпионатына қосылды. Жапониядағы айтулы бəсекенің финалында 10 спортшы алғашқы жүлде жиынтығын сарапқа салды.

Бұл спорт түрінен атлеттер енді 22 шілдеде еркін бағдарламада бақ сынайды. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы суда жүзу, су добы (ерлер, әйелдер) және ашық суда жүзу жарыстарында өнер көрсетеді. Дода 30 шілдеде аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес