19.04.2024 | 03:12

Аида Бауыржанова тағы бір финалға шықты

Бүгін спорттық гимнастикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Әлем Кубогының шешуші кезеңінде тағы 2 спортшымыз өнер көрсетіп, біреуі финалға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Еркін жаттығуда сынға түскен Аида Бауыржанова 12.800 ұпай жинап, 6-орынмен финалға өтті. Ал Дарья Ясинская үздік 8 спортшының қатарына кіре алмады.

Бөрене жаттығуында Дарья Ясинская 22-орынға (11.833) тұрақтаса, Аида Бауыржанова 25-орынмен (11.633) жарысты аяқтады.

Айта кетейік, кеше тіреніп секіру жаттығуында Аида ақтық сынға шыққан.

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес