01.07.2022 | invalid

Күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты аяқталды

Бүгін Қарағанды қаласында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы, 5-күні грек-рим шеберлері қалған 5 салмақтың мықтысы мен жүлдегерлерін анықтады. Олар:

60 кг:

Чемпион – Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы)

Күміс – Ернар Фидахметов (ШҚО)

Қола – Олжас Сұлтан (Алматы облысы), ()

67 кг:

Чемпион – Дінмұхаммед Қошқар (Жамбыл облысы)

Күміс – Сұлтан Әсетұлы (Жамбыл облысы)

Қола – Ержет Жарылқасын (Жамбыл облысы), Құдайберген Тұрсынов (ШҚО)

72 кг:

Чемпион – Ибрагим Магомедов (Қарағанды облысы)

Күміс – Ерасыл Нұрбосынов (Алматы облысы)

Қола – Данияр Қален (СҚО), Әділхан Сатоев (Шымкент қаласы)

82 кг:

Чемпион – Диас Қален (Алматы облысы)

Күміс – Мирас Баршылықов (Қостанай облысы)

Қола – Рамазан Мұстафаев (Шымкент қаласы), Шамиль Батыров (Шымкент қаласы)

97 кг:

Чемпион – Ерұлан Ысқақов (Қарағанды облысы)

Күміс – Олжас Сырлыбай (Қызылорда облысы)

Қола жүлдегерлер – Ильяс Гучигов (Түркістан облысы), Санжар Серікқан (Алматы облысы)

Осылайша, грек-рим күресінен Алматы облысы 160 ұпаймен 1-орын алса, ШҚО 2-ші, Шымкент қаласының командасы 3-орыннан көрінді.

Алдыгүні әйелдер 10 салмақта күш сынасып, кім мықтыны анықтаған. Жалпы командалық есепте Алматы облысы – бірінші (126 ұпай), Қарағанды облысы – екінші (115 балл) орын алса, Ақмола 95 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Ал чемпионат басында еркін күрес шеберлері боз кілемде белдескен-ді. Мұнда 105 ұпай жинаған Павлодар облысы жеңіске жетсе, Ақтөбе облысы екінші (104), Қарағанды облысы үшінші (101) сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, ел чемпионатынан кейін еліміздің Ұлттық құрамасы қайта жасақталып, Түркия мен Сербиядағы аламанда сынға түсетін балуандар белгілі болады. Негізгі құрам қыркүйекте Белградтағы жаһандық бәсекеде күрессе, екінші құрам тамызда Конья қаласындағы Ислам елдері ойындарында күш сынасады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес