28.04.2024 | 17:39

Айгерім Сарыбай Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді

Ұлттық құрама спортшысы Айгерім Сарыбай Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ол Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыстың финалында Ку Винг Чудан (Қытайдың Гонконгы) басым түсті. Аса тартысты өткен айқастың есебі 15-13.

Айгерім қылыш жаттығуы бойынша жартылай финалда Вероника Василевадан (Аустралия) басым түсті (15-12).

Ал ерлер бәсекесінде Ғалым Нұрымов Сингапур өкілі Самуэль Робсоннан 13:15 есебімен жол берді.

Фуджейрадағы бәсекеде тек жеңімпаз ғана жазғы ойындарға барады.

Суреттер: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес