11.12.2023 | 12:26

Түркістан облысында Apacs Kazakhstan International Series турнирі аяқталды

Бүгін Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Алма-Тау» сауықтыру базасында бадминтоннан халықаралық Apacs Kazakhstan International Series-2023 іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бәсекеге Қазақстанмен қатар Канада, Кипр, Индонезия, Үндістан, Израиль, Малайзия, Мьянма (Бирма), Филиппин, Шри-Ланка, Шығыс Тимор, БАӘ, Өзбекстан, Замбия елінен 80-нен астам спортшы жиналды. Олар 2024 жылы Париж Олимпиадасына жолдама алуға мүмкіндік беретін рейтинг ұпайы сынағ түсті.

Жүлде жолында ел чемпиондары Дмитрий Панарин, Артур Ниязов, Хайтмұрат Кульматов, Айша Жұмабек, Камила Смағұлова, Махсұт Таджибуллаев бастаған қазақстандықтар күш сынасты.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес