26.08.2022 | invalid

Артистік жүзу: Эдуард Ким 2-қола жүлдеге қол жеткізді

Канаданың Квебек қаласында артистік жүзуден жастар арасында XVII Әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

Бүгін жекелей сында өнер көрсететін Эдуард Ким еркін бағдарламада қола жүлдегер атанды. Бұл отандасымыздың осы әлем чемпионатындағы 2-медалі. Эдуард екі күн бұрын техникалық сында испан және жапон атлетіне есе жіберіп, үздік үштікті түйіндеген еді.

Айта кетейік, қазақстандықтар жастар арасындағы әлем чемпионатында бұған дейін екі медаль жеңіп алмаған. Бұдан бөлек, Квебекте топтық сында тағы 6 қазақстандық бақ сынайды. Олар: Арина Мясникова, Анна Павлецова, Артур Майданов, Дарина Валиуллина, Карина Сагутдинова, Арина Пушкина.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес