04.05.2024 | 19:44

Абылайхан Жұбаназар қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар (81 келі) Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Үшінші орын үшін таласта отандасымыз Чехия өкілі Адама Копецкиді екі рет вазари әдісімен ұтты.

Бұған дейін Дархан Қойбағар турнирдің қола жүлдегері атанса, бір күн бұрын Мағжан Шамшадин күміске қол жеткізген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес