21.10.2022 | invalid

Әбиба Абужақынова Абу-Дабиде қола медаль жеңіп алды

Әбиба Абужақынова Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан дзюдодан Үлкен Дулыға кезеңінде итальян Ассунта Скуттоны бір жарым минутта таза ұтып, қола медаль жеңіп алды.

Бүгін Әбиба вьетнамдық Тинь Тхи Хоанг пен румын Александра Попты ұтқан. Алайда А тобындағы үздік анықталған ширек финалда осы салмақтағы көшбасшылардың бірі испан Джулия Фигероаға есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде серб Милица Николичтен басым түсті.

Айта кетейік, Әбиба Абужақынова 2 апта бұрын Ташкенттегі Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Ол – қазақ қыздары арасында ӘЧ-да жүлде алған тұңғыш дзюдошы. Сондай-ақ Абужақынова тамызда Астанада өткен Азия чемпионатының финалына дейін жетіп, жапон Вакана Когаға есе жіберді.

Ассунта - былтыр осы Абу-Дабиде өткен Үлкен Дулыға кезеңінің жеңімпазы. Жалпы Абу-Дабиде 48 келіге дейінгі салмақта 29 спортшы сынға түсті.

Ал 52 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан Ұлттық құрама өкілі Толғанай Әбеуова әзірбайжандық Гүлтай Мамедалиевадан айласын асырғанымен, 29 жастағы швейцариялық Фабьен Кочерден жеңіліп қалды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес