Главная > Новости > FIDE рейтингінде қыздарымыз үздік отыздықта
FIDE рейтингінде қыздарымыз үздік отыздықта
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) қаңтар айындағы үздік шахматшылар тізімін жариялады. Ерлер арасындағы рейтингте Магнус Карлсен көш басын ешкімге бермесе, 2-3 орындарда АҚШ шахматшысы Фабиано Каруана мен әзірбайжандық Шахриер Маммедияров жайғасқан. Әйелдер арасындағы рейтингті қытайлыққтар Хоу Ифань мен Жу Иенжунь бастаса, 3-ші орында украиналық Анна Музичук келеді. Қазақстандық қыздар Динара Садуақасова 22-ші, Жансая Әбдумәлік 29-шы орында. Сондай-ақ, 21 жасқа дейінгі қыздар рейтингінде Жансая Әбдумәлік 2-ші орында тұрса, Әсел Серікбай 74-ші, Назерке Нұрғали 78-ші орында келеді. [b]Әйелдер. FIDE рейтингі.[/b] 1. Хоу Ифань (Қытай) - 2680 ұпай 2. Жу Иенжунь (Қытай) - 2572 ұпай 3. Анна Мизучик (Украина) - 2571 ұпай [i]22. Динара Сәдуақасова (Қазақстан) 2470 ұпай 29. Жансая Әбдумәлік (Қазақстан) 2449 ұпай[/i] [b]21 жасқа дейінгі қыздар. FIDE рейтингі.[/b] 1. Александра Горячкина (Ресей) - 2493 ұпай [i]2. Жансая Әбдумәлік (Қазақстан)- 2449 ұпай[/i] 3. Ставроула Цолакидоу (Грекия) - 2412 ұпай [i]74. Әсел Серікбай (Қазақстан) - 2188 ұпай 79. Назерке Нұрғали (Қазақстан) - 2182 ұпай[/i]