Главная > Новости > С. Бердіқұлов байқауының жеңімпаздары анықталды
С. Бердіқұлов байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін 26 желтоқсан күні Сейдахмет Бердіқұлов атындағы БАҚ арасында өткізілген байқаудың жеңімпаздары анықталды. Конкурсқа материалдар бір ай бойынша қабылданды. Ең мықты спорт журналистерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Алқа құрамында: Дүрәлі Дүйсебай, Қыдырбек Рысбек, Төлеген Жақтаев бастаған спорт журналистикасының ардагерлерімен қатар, Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының вице-президенті Нұрғазы Сасаев пен «Хабар» агенттігінің тілшісі Аманкелді Сейітхан болды. Биыл байқауға деген қызығушылықтың артуына, келіп түскен материалдар санының көптігіне байланысты алқа құрамы 3 жеңімпаздың орнына 4 спорт журналисін атаққа лайықты деп таныды. «Баспа басылымының ең үздік журналисі» аталымында «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Әли Битөре мен «Айқын» газетінің тілшісі Жадыра Аққайыр жеңімпаз деп танылса, «Ең үздік телевизиялық жұмыс авторы» аталымында Лариса Гречихина («Хабар24» ) мен Ақсындар Табылдының («Қазақстан ҰТА - Ma’n’g’ystay’») жұмыстары үздік деп танылды. Байқау жеңімпаздары 2018 жылы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы футболдан өтетін мини-турнир барысында салтанатты түрде марапатталады. Жүлдегерлер С.Бердіқұлов атындағы арнайы төсбелгі, диплом және ақшалай сыйлыққа ие болады.