Главная > Новости > Ақпарат
Ақпарат
6-10 қазан аралығында жазғы олимпиадалық спорттың жағажай волейболынан Жапонияның Осако қаласында өткен жарыс өз мәресіне жетті. Жағажай волейболының азиаттық турының нәтижелері бойынша, ерлер арасында бірінші орынды Катардан келген Джулио/Ахмед Тиджан алды. Ал екінші және үшінші орын Индонезиялық жағажай волейболшыларына бұйырды. Айта кетейік, Қазақстаннан барған спортшылар бұл жарыста алғашқы ондыққа кірді. Әйелдер арасынан аталған жарыс түрінен Австралия командасы көш бастаса, Индонезия және Жапония елдерінен келген спортшылар екі мен үшінші орындарды өзара бөліске салды. Бұл жарысқа 16 елдің 24 командасы қатысты.