Главная > Новости > Ашхабадта өтіп жатқан Азия ойындарында ел спортшылары 65 медаль олжалады
Ашхабадта өтіп жатқан Азия ойындарында ел спортшылары 65 медаль олжалады
Кикбоксшы Ақерке Наурызбаева Ашхабадта өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарында Қазақстан қоржынына жиырмасыншы алтын медальді салды. 56 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз фулл-контакт ережесі бойынша топ жарды. Самбошы қыз-жігіттер де жарады. 48 келіде Айжан Жылқыбаева мен 52 келі салмақтағы Бейімбет Қанжанов Азия ойындарының чемпионы атанды. Сонымен қатар Ажар Кеңпейіл мен Зере Бектасқызы да Ашхабадта алтын медальге қол созды. Қазақстан құрамасының спортшыларында 20 алтын, 18 күміс және 27 қола жүлде бар.