Динара Сәдуақасова Азия кубогін жеңіп алды

16/06/2019

Қазақстандық шахматшы қыз Динара Сәдуақасова Азия чемпионаты кубогын жеңіп алып, құрылықтың үздік шахматшысы атанды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

 

Шахматтан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионаты 6-16 маусым аралығында Қытайдың Синтай қаласында болды. Шахматшылар сыйақы қоры 85 мың доллар көлемінде болған бәсекеде бақ сынасты. Турнир швейцариялық жүйе бойынша, яғни 9 раундтан өтті.

 

23 жастағы спортшы 15 елден келген 36 қарсыласын басып озып, 9 мүмкіндіктің 7,5-ін жинаған.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер