Отбасылық спорттық турнир өтті

17/05/2019

«Халықаралық отбасы» күні мерекесіне орай «Сарыарқа» велотрегінде Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымдары қызметкерлерінің отбасылары арасында футбол мен волейболдан, асық атудан турнир өтті.

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне «Спортты дамыту дирекциясының» директоры Самат Серікханұлы, «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының» директоры Бекболат Байжанов және  «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» директоры Қыпшақбаев Мұратбек Сұлтанбекұлына қатысты.

 Шара барысында футбол және таеквондодан балаларға арналған ашық шеберлік сыныптары өтті.

Жарыс қорытындысына сәйкес Асық ату және бес асықтан Байжұмановтар, Сүлейменовтар, Әбеновтар, Жүсіповтар отбасы жүлдегер атанды.

Ал футболдан 1 орынды «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» командасы қанжығасына байлады. 2 орынды «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» командасы иеленсе, 3 орынға «Спортты дамыту дирекциясы» тұрақтады.

Волейболдан «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының» командасы жеңіске жетті.

Барлық қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер