Нұр-Сұлтан қаласында бодибилдингтен Орталық Азия чемпионаты өтеді

10/05/2019

2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ірі  халықаралық  жарыс өтеді. Бодибилдингтен Орталық Азия чемпионатында үздік культуристер өз мемлекеттерінің намысын қорғайды. Жеңімпаз Орта Азияның бірінші бодибилдері атағын алады.

Жүлделі орындар мына санаттар бойынша беріледі:

  • Классикалық бодибилдинг
  • Бодибилдинг
  • Мэнс физик
  • Вумэнс физик, фитнес , ересектер мен жас өспірімдер арасында бодифитнес және фитнесбикини.

Чемпионат IFBB Халықаралық бодибилдинг федерациясының ережелері бойынша өткізіледі.

Әрбір санаттан 6 үздік спортшы финалға шығады. Сіздерді мамырдың 24-25-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік ел 10/1 мекенжайы бойынша күтеміз.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер