Оралда Қазақстан Республикасы V жазғы Спартакиадасы аясында самбошылар бәсекесі аяқталды

02/05/2019

Оралда Қазақстан Республикасы V жазғы Спартакиадасы аясында самбошылар бәсекесі аяқталды. Бұл сынға еліміздің барлық аймағынан келген балуандар қатысты. Белдесулер өте тартысты жағдайда өтті. Дегенмен де қазақ самбосының ұстаханасына айналған өлкеде жергілікті спортшылар өз шеберліктерін паш ете білді.  Төрт жылда бір өтетін байрақты бәсекеде өз аймағының намысы сынға түсіп жатқандықтан  спортшылар аянып қалмады. Сондықтан да белдесулр тартысқа толы болды. Қыздар арасында өз салмақтарында Айжан Жылқыбаева мен Айгерім Телімгенова және Гүлнұр Ерболова мен Динара Жұмабаева, сол секілді Ділдаш Күрішбаева мен Мариан Ордабаевалар алтыннан алқа тағынды.

Жігіттер арасында кіл мықтылар топ жарды. Олардың ішінде Оралдық Болатбек Райымқұлов, Қайыргелді Айдынбай, Нығмет Серікбай, Руслан Жарқынбай, Әділет Мисин секілді самбошыларға тең келер ешкім болмады.

Аталмыш боз кілем бәсекесінің қорытындысы бойынша Оралдық самбошылар сегіз алтын медаль олжалап, жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Осылайша олар өздерінің аталмыш спорт түрінде біздің елде тең келер ешкім жоқ екендігін дәлелдеп отыр. Биылғы жылдың басты бәсекесі біздің самбошылар үшін ол- қыркүйек айында Үндістанда өтетін құрлықтық дода мен қараша айында Кореяда өтетін Әлем чемпионаты болмақ.

Соңғы жаңалықтар
Сілтемелер